Ақтөбе облыстық «Руханият» мұражайы

Қазақстан және Ақтөбе облысы төңірегінде дүниежүзілік Ислам дінінің туындау тарихын, оның дамуы мен әсері жөнінде ақпарат беретін алғашқы мұражай "Руханият" Ақтөбе облыстық мұражайы 2010 жылы құрылды. 2011 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдық қарсаңына орай мұражайдың салтанатты ашылуы өтті. "Руханият" мұражайының басты қызметтік мақсаты дүниежүзілік және дәстүрлі діндердің бейбітшілігін қолдау және облыс халқын мәдени және рухани дамыту. Мұражай ұлтаралық рухани және мәдени орталық болып табылады. "Руханият" мұражайының қызметінің басты бағыты - ғылыми-ағарту, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметін іске асыру, мұражай заттары мен дін тарихынан мұражай жинақтамаларын анықтау және толықтыру, оларды зерттеп, жұрт алдында ұсыну. Мұражайда жыл сайын Ақтөбе қаласы бойынша экспедиция өткізіледі, жүргізілген жұмыстар нәтижелері әр түрлі басылымдарда және мұражай өткізетін шараларда өз көрінісін табады. Сонымен қатар мұражайдың негізгі шараларымен бірге Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне арналған іс-шаралар да өтеді.


Бөлісу