Алтынемель-Алтынемел деп Жоңғар алатауының батыс сілеміндегі тау жотасы мен ажәне Алматы облысындағы ұлттық саябақ аталады.Алтынемел ұлттық саябағы оңтүстігінде Іле өзені мен Қапшағай су қоймасы,солтүстік батысында Жоңғар Алатауы сілемдері-Шолақ,Матай,Алтынемел және Қояңды тауы, шығысында Ақтау жоталарымен шектесіп, ұлан-ғайыр жерді алып жатыр.Ауданы 460 000га жерді алып жатқан саябақ еліміздегі сиреп бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер түрлерін сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған.Оның үстіне мұнда экологиялық туризмді дамытуға айрықша көніл бөлініп отыр.