Алакөль көлі -Алакөл-«дала төсіндегі нағыз теңіз» деп атады ХІІІ ғасырдың 50-жылдарында осы өлкеге саяхат жасаған Вильгелм Рубрик.Шығыстағы Каспий тенізінен кейінгі үшінші ірі көл.Алакөл көлі Тарбағатай жотасы мен Жонғар Алатауы арасындағы Алакөл қазаншұнқырында орналасқан.Ол солтүстіктен онтүстікке қарай 104 шақырымға,ал батыстан шығысқа 52 шақырымға дейін созылып жатыр.Су айдыны аралдарымен қоса есептегенде 2696 шаршы шақырымды қамтиды.Көлдің терендігі 54м. Алакөлге 15 шағын өзендер келіп құяды.Көл жағалауы қап-қара емдік қасиеті мол галькамен жиектелген де кей жерлерінде құмды жағажайлар кездеседі.Алакөлді айнала көптеген көлдер бар,олардың ірілері –Сасықкөл,Қошқаркөл,Жаланашкөль.Олар барлығы бірігіп Алакөлдік көлдер жүйесің құрайды.Алакөлдің бірегей өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау мақсатында 1998 жылы Алакөль мемлекеттік табиғи қорығы құрылды.