Қаланың орталығында кіші жүздің ханы, көрнекті тұлға, қолбасшы Әбілқайыр хан ескерткіші орнатылған. Ұлы ескерткіш 2000 жылы ашылып, Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтарының көрікті жерлерінің біріне айналды. Бұл жас жұбайла мен туристердің баратын міндетті орнына айналған. Ескерткіш алаңында өмір қызып жатады: саяхаттаушы адамдар, дүкендерден сауда жасап журген халық сонымен катар, жаңын маңда орналасқан қонақ үй туристері де осы маңда серуендейді. Монумент өзі - мүсін, тұғыр, негіз және төбеден тұратын күрделі архитектуралық композиция.
Ескерткіш қызыл гранитпен көмкерілген. Корпустың негізі және тұғыры - Кордай гранитінен плиткалармен қапталған төртбұрышты және тікбұрышты бетон блоктар. Ат үстіндегі Әбірқайыр хан мүсіні қоладан құйылған. Хан дәстүрлі қазақ киімдерімен - қалпақпен киінген. Оның белбеуінде қылыш ілініп тұр. Ескерткіштің жалпы биіктігі 12,3 м, мүсіннің биіктігі 2,8 м. Ұлы хан ескерткішінің авторлары - атақты қазақстандық мүсінші Е. Сергебаев және сәулетшілер Б.Егімбаев пен Н.Қожағұлов. Архитектуралық жоспарға сәйкес, қазақ халқының тағдыры шешіліп, жоңғарлармен үлкен шайқас болған кезде аңызға айналған қолбасшының өмірі осы кезеңде бейнеленген. Оның көтерілген қолы адамдарды біріктіруге және жеңіске ұмтылуға шақырады. Ал жылқы бостандықтың белгісі. Әбілқайыр хан өз кезеңінде сыйластық пен құрметке барынша лайықты болды. Одан бөлек ол жақсы қолбасшы ғана емес, білікті дипломат болды. Ол Жоңғар армиясына қарсы күресте қазақтардың геноцидіне жол бермеген. Әбілқайыр хан Ресей азаматтығына кіру қажеттігі туралы бірінші болып шешім қабылдайды. Бұл одақ Қазақстан халқын бейбіт өмірге және одан әрі дамытуға қажет болды деп санаған.