Ақтөбе облысының Қобда ауданында Талдысай ауылының оңтүстігіне қарай 12 км жерде орналасқан.Ескерткіш 200-ден асатын мемориалды архитектуралық құрылыстардан –көбіне тастан қашалған стелла –құлпытастардан-тұрады және Арал- Каспий аймағының солтүстік бөлігіндегі аса ірі кешен болып табылады. Кешенге атау берген Абат-Байтақ мавзолейі ортағасырлық сәулет өнерінің аса әйгілі ескерткіші, осы аймақта санаулы ғана сақталып қалған күйдірілген кірпіштен салынған және шошақ <<шатырлы >> күмбезді кесенелердің бірі.
Абат-Байтақ қорымын кешенді зерттеуді 1979-80 жж. Қазақстан Мәдениет министрлігінің экспедициясы (жетекші С.Е. Әжіғали ) жүзеге асырып, осы жолы ескерткіш ғылыми тұрғыдан іс жүзінде қайта ашылды. Бүкіл зират жан-жақты мұқият зерттеліп, оның топографиялық, фотофиксациялық зерттеулері және көптеген қабір үстіңдегі ескерткіштердің (құлпытастар)өлшемдері,сондай-ақ кесененіңөлшемдері,сондай-ақ кесененің өзінің архитектуралық өлшемі жасалып, ғимараттың портал тұсында қазба жұмыстары жүргізілді.
Абат-Байтақ мазары-Еуразия даласындағы мемориалды сәулетшіліктің Аса бағалы ескерткіші. Аңыз бойынша бұл ғимарат ХVғ. өмір сүрген << Жерұйықты>> іздеп өткен Асан Қайғының ұлы Абат батырға арнап салынған. Әкусінің тапсырыуымен шөбі шүйгін құнарлы мал өрісін іздеуге шыққан Абат батыр осы Бесқопа желмаядан құлап қаза табады. Мазарды осы өңірдің барша тұрғындары бірлесе қысқа мерзімде салып бітіреді . Осыдан екінші атауы - <<байтақ>> : кең шексіз ; бұл тұста – бүкіл халықтық деген мағынасы шығады.