Қылмыс

Бүлінген көлікті қалпына келтіреміз. Восстановим поврежденный автомобиль.
Үйге түскен ұрыны ұстап алдық.
Қылмыскерді жауапқа тарту. керек. Надо привлечь преступника к ответственности.
Сақтық шаралары ұйымдастырылмаған, төтенше жағдайда оқушылар не істерін білмеген. Меры предосторожности не организованы, учащиеся не знали, что делать в чрезвычайной ситуации.
Суық қару ұстауға тыйым салынған. Запрещено держать холодное оружие.
Қарақшылар үйге қас қағымда кіріп келді. Разбойники быстро ворвались в дом.
Өзіңді басындырмау үшін қам жаса. Позаботьтесь о том, чтобы не чувствовать себя подавленным.
Басбұзар құрықталды, бұлтартпас айғақтар табылды. Хулиган был арестован, найдены неопровержимые доказательства.
Тіл туралы Заң қай бапта қаралған. В какой статье рассмотрен закон о языке.
Жауыңды ерегістірме. Не пререкайся со своим врагом.
Батыр жігіттер қылмыскердің жолын кесті. Храбрые ребята пресекли преступника.
Шынын айтқанда, бізде қылмыс жиі ашыла бермейді. Честно говоря, у нас не так часто раскрывается преступление.
Тоқетері, сіз жауапқа тартыласыз. Суть в том что, вы будете привлечены к ответственности.
Екі қылмыс бір мезетте жасалған. Оба преступления совершены в один момент.
Оны түрмеге қамап тастады. Его посадили в тюрьму.
Суық қару ұстауға тыйым салынған. Холодное оружие запрещено держать.
Жазадан қашып, көрші елде бой тасалап жүрген көрінеді. Он, кажется, бежал от наказания и скрывался в соседней стране.
Сіздің қылмысыңызды дәлелдейтін айғақтар жетерлік. Доказательств, подтверждающих ваше преступление, достаточно.
Қарызға ақшаны мол соммада береді де, ақыры өзіне кіріптар етеді. Деньги в долг выдают на крупную сумму и, наконец, делает зависимым от себя.
Шындықты айттыңыз, өзіңізді кінәламаңыз. Вы сказали правду, не вините себя.
65 жастағы зейнеткерді тонап кеткен. Ограбили 65-летнюю пенсионерку.
Ата-аналар балалармен сөйлесіп, сақтандыру шараларын жүргізуі тиіс. Родители должны поговорить с детьми и проводить профилактические мероприятия.
Балаға пышақтың суық қаруға жататынын ескерту керек. Следует предупредить ребенка, что нож относится к холодному оружию.
Сәл бөгелгенде, қайғылы жағдай орын алушы еді. При малейшей задержке случилась бы трагедия.
Мен айыпты емеспін. Я не виновен.
Айыпкер, өз кінәңізді мойындайсыз ба? Виновник, признаете ли вы свою вину?
Бұзақылық жасамауға уәде беремін. Обещаю не хулиганить.
Есікті құлыптап жүріңіздер. Закрыть дверь на замок.
Бостандықтың қадірін түсінбейсіздер. Не понимаете ценность свободы.
Сот оны бас бостандығынан айыру туралы үкімін шығарды. Суд приговорил его к лишению свободы.
Жалған ақпарат беріп, тергеу ісінің созылуына себепкер болдыңыз. Предоставив ложную информацию, вы содействовали затягиванию следственного дела.
Қылмысқа қатысың бар дегенде төбе шашым тік тұрды. У меня волосы стали дыбом, когда мне сказали, что я причастен к преступлению.
Сіздің мүлкіңіз түгел тәркіленеді. Все ваше имущество будет конфисковано.
Менің соңыма неге түсесіз? Почему вы преследуете меня?
Ол былтыр қамауға алынған болатын. Он был арестован в прошлом году.
Түсірген суреттерін көрсетіп, бопсалайды. Шантажирует, показывая фотографии, которые он сделал.
Куәгерді қорқыту арқылы әрекет жасады. Действовал путем запугивания свидетеля.
Сақтық шаралары ұйымдастырылмаған, төтенше жағдайда оқушылар не істерін білмей, тығырыққа тіреліпті. Меры предосторожности не организованы, в чрезвычайной ситуации школьники оказались в тупике, не зная, что делать.
Қылмыс жасағаныма қатты өкінемін. Мне очень жаль, что я совершил преступление.
Қорғаушы адал азамат екен. Защитник оказался честным гражданином.
Мен ағамды жақтап тұрғаным жоқ. Я не оправдываю своего брата.
Тергеуші қылмыс орнына кетті. Следователь выехал на место преступления.
Ол қылмыскерден қатты қорықты, жұмған аузын ашпады. Он очень боялся преступника, отказался говорить.
Ол кесілген мерзімді өтеп келуге міндетті. Он обязан отбывать назначенный срок.
Жалған сөйлегеніңіз үшін жауап бересіз. Вы несете ответственность за лжесвидетельство.
Сот оны бас бостандығынан айыру туралы үкімін шығарды. Суд приговорил его к лишению свободы.
Дереу қан талдамасын жасату қажет. Необходимо немедленно провести анализ крови.
Мені неге арыздап жүрсіз? Почему ты на меня заявляешь?
Зардап шегуші қарт адам екен. Пострадавший оказался пожилым человеком.
Бар жайтты баяндап, сотқа жүгініңіз. Доложите обо всем и обратитесь в суд.