Қазақстандағы қалалар

Қаламыздың іргетасы 1604 жылы қаланған. Фундамент нашего города был заложен в 1604 году.
Орталық саябақ көздің жауын алады. Центральный парк ослепляет своей красотой.
Аты аңызға айналған мекен. Легендарное место.
Оператордың көмегіне жүгініңіз. Обратитесь за помощью к оператору.
Менің сізге қолқа салғым келіп тұр. Я хочу попросить вас.
Менің сізге ұсыныс жасағым келіп тұр. Я хочу сделать вам предложение.
Шақырған такси лезде келіп жетті. Вызыванное такси прибыло мгновенно.
Жолдорбаңыз әдемі екен. У вас красивый рюкзак.
Бұл аймақты жұмақ мекен дер едім. Я бы сказал, что эта местность является райским местом.
Менің туған қалам – шырайлы Шымкент. Мой родной город – красивый Шымкент.
Біздің өлкенің жері шұрайлы. Земля нашего края плодородный.
Шипажай – жанға жайлы мекен. Санаторий - это райское место для души.
Жолда төрт қалаға соқтық. По дороге мы заехали в четыре города.
Күмбезді алыстан көруге болады. Купол можно увидеть издалека.
Ауылға жаңа мешіт салынды. В селе построена новая мечеть.
Шіркеуді жөндеп жатыр. Они ремонтирует сабор.
Құдық терең секілді. Колодец кажется глубоким.
Субұрқақ билеп тұрған секілді. Фонтан как будто танцует.
Тұрғылықты халық аңызды жақсы біледі. Местное население хорошо знает легенду.
Біз бұл жерге басқа ауылдан көшіп келдік. Мы переехали сюда из другой деревни.
Бұл жердің табиғаты қатал, біртіндеп бейімделіп келеміз. Природа этого места суровая, постепенно адаптируемся.
Көршілес ауылдармен жақсы араласамыз. Хорошо ладим с соседними деревнями.
Үңгір іші жып-жылы екен. В пещере было тепло.
Мұражайда көнеден қалған жәдігерлер көп. В музее много старинных экспонатов.
Тұрақ толы көлік, орын таппадым. Стоянка полна машин, места не нашел.
Көне моншаның құрылысымен таныстық. Познакомились со строительством старинной бани.
Саяхат барысында жертөлені де көрдік. Во время путешествия мы также увидели подвал.
Он қабатты қонақ үйде жеделсаты жасамай қалыпты. В десятиэтажном отеле лифт не работает.
Театрдың артында перзентхана тұр екен. За театром стоит родильный дом.
Жергілікті наубайхананы да барып көргіміз келді. Мы также хотели посетить местную пекарню.
Қорғанның іргетасы ХVII ғасырда қаланыпты. Фундамент кургана был заложен в ХVII веке.
Бұл ғимараттардың тарихи маңызы бар. Эти здания имеют историческое значение.
Мұнараның биіктігі 12 қабаттық үймен тең. Высота башни равна 12-этажному дому.