Қазақстандағы демалыс орындары

Бурабай - еліміздің мақтанышы Боровое - гордость нашей страны
Түркістанда киелі орындар көп. В Туркестане много сакральных мест.
Бұлақтың суы мөлдір, таза екен. Вода в роднике прозрачная, чистая.
Киік малының жаратылысы бөлек қой. Натура сайгаков отличается от остальных.
Қорықта қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер өсіріледі. В заповеднике выращиваются животные и растения, занесенные в красную книгу.
Алдымызда шексіз бидай алқабы бар. Впереди бесконечное пшеничное поле.
Бұлақ көрсең, көзін аш. Если видишь родник, расчищайте ключ от родника.
Алтыбақан – жастар мен балаларға арналған әткеншек. Алтыбакан – качели для молодежи и детей.
Үлкендер ағаштың саясында әңгімелесіп отыр. Взрослые разговоривают под тенью деревьев.
Тойдың өтуіне ат салысу өте орынды болады. Очень уместно будет поучаствовать в проведении свадьбы.
Ешқашан өзіңді мәжбүрлеме. Никогда не заставляйте себя.
Алматының таңғаларлық көрінісін тамашалдық. Мы полюбовались потрясающим видом на Алматы.
Бурабайдың сұлулығы баршаға аян. Красота Борового всем известно.
Біздің ата-әжеміз жылына бір рет шипажайда демалады. Наши бабушки и дедушки отдыхают в санаторий раз в год.
Өткен жылы шетелге сапар шектік. В прошлом году мы ограничились поездками за границу.
Ата-анамыз демалып қайтсын, шипажайға жолдама алып берейік. Пусть наши родители отдохнут, купим им путевку в санаторий.
Алматының таулары алыстан көз тартады. Горы Алматы привлекают внимание издалека.
Саяхатшылар қаланың ортасынан ойып орын алған ең қымбат қонақ үйде тоқтапты. Путешественники остановились в самом дорогом отеле, занимающем особое место в центре города.
Біз жеке көлігімізді сайлап, жер жаннаты Жетісуға бара жатырмыз. Мы приготовим наш личный автомобиль и едем в земной рай –Жетысу.
Саяхатшылар сарқыраманың қасына суретке түсіп жатты. Путешественники фотографировались возле водопада.
Жер астынан бұрқылдап ыстық су шығып жатыр. Из-под земли вырывается бурлящая горячая вода.
Өзенді аспалы жолмен жаяу кесіп өтеміз. Пересекаем реку пешком по канатной дороге.
Таудың шыңы жеткізбейді, әлі өрлеп келеміз. До вершины горы не можем дойти, мы дос сих пор поднимаемся.
Осы жерден тоғайға апаратын жалғыз аяқ жол бар. Отсюда есть тропинка, ведущая к роще.
Ауыл сыртында темір жол бекеті бар. За пределами села есть железнодорожная станция.
Велосипедпен әлемді шарлап шығуға бола ма? Можно ли поколесить по миру на велосипеде?
Көкшенің жұпар ауасын жұтып қайттым. Я вдохнул ароматный воздух Кокше.
Тоғайды араласаң қарағайдың иісі аңқып тұрады. Когда гуляешь по роще, пахнет сосной.
Бұл өңірдің тарихын қаладағы ғимараттарынан білуге болады. Историю этого региона можно узнать по зданиям города.
Алтай өлкесіне қыдырып барғаныма өте қуанамын. Очень рад, что побывал в Алтайском крае.
Жолшыбай алып жартастарды көрдік. По дороге мы увидели гигантские скалы.
Әуеде қалықтағанымызға шамамен 4 сағат өтті. Прошло около 4 часов с тех пор, как мы взлетели в воздух.
Жол бойында өскен ағаштар аспанмен таласады. Деревья, растущие вдоль дороги очень высокие.
Теңіз тулап жатты. Море бушует.
Жол-жөнекей атамыздың ауылына да соқтық. Мы также попали в деревню нашего деда по дороге.
Көкке лезде көтерілдік. Мы мгновенно возвысились на небеса.
Демалушылардың көбін хауыз басынан таба аласыздар. Большинство отдыхающих можно найти в бассейне.