Көлік қатынасы мен жол ережесі

Екі ел арасындағы әуе қатынасы қайта іске қосылды. Возобновлено авиасообщение между двумя странами.
Қону алаңында бірнеше ұшақ тұр. На посадочной площадке стоит несколько самолетов.
Астана бағытындағы жол тегіс болғандықтан, көлігіміз жүйткіп келеді. Так как дорога в направлении Астаны ровная, наш транспорт мчится.
Құрметті жолаушылар, әуе кемесіне қош келдіңіздер! Уважаемые пассажиры, добро пожаловать на воздушную судну!
Осы арада бірнеше темір жол торабы қиылысады. На этом месте пересекаются несколько железнодорожных узлов.
Осы арада бірнеше темір жол торабы қиылысады. На этом месте пересекаются несколько железнодорожных узлов.
Таулы аймақтарда табиғи тас жолдар жиі ұшырасады. В горных районах дороги из натурального камня часто подвергаются воздействию.
Астана бағытындағы жол тегіс болғандықтан, көлігіміз жүйткіп келеді. Так как дорога в направлении Астаны ровная, наш транспорт мчится.
Оралдан астанаға қатынайтын жүрдек пойыз шығыпты. Из Урала вышел скоростной поезд в Астану.
Тура жолмен жүрсек, ауылға тез жетеміз. Если мы пойдем по прямой дороге, мы быстро доберемся до деревни.
Көпір жөнделіп жатқандықтан айналма жолмен жүруге тура келді. Поскольку мост ремонтировался, пришлось ехать по объездной дороге.
Кеме айлақта тұр. Корабль стоит на гавани.
Біз жаяу жүргіншілерді басып оздық. Мы обогнали пешеходов.
Жолды жөндеушілер жолдағы жолақтарды жаңартып бояп жатыр. Дорожные ремонтники обновляют полосы на дороге.
Күнде жеті мен тоғыз арасында көлік кептелісі орын алады. Между семью и девятью часами дня происходят транспортные заторы.
Мен әзірге жол ережесін бұзып көрген емеспін. Я пока не нарушал правил дорожного движения.
Мен Алматыға қарай бет алып барамын. Я направляюсь в Алматы.
Ақпарат құралдарынан көлік апаты туралы көп естиміз. Мы много слышим из из СМИ об автомобильных авариях.
Белдігіңізді тағыңыз, полиция ұстап алса айыппұл төлейміз. Наденьте ремень, мы заплатим штраф, если нас поймает полиция.
Жанармайымыз таусылып барады. У нас заканчивается топливо.
Оңға бұрылып тоқтаңызшы, өтінемін. Пожалуйста, остановитесь, повернув направо.
Көліктердің соқтығысқаны бейнебақылауға жазылып қалған. Столкновения машин зафиксированы на видеонаблюдении.
Біз қиылыста кездесеміз деп келістік. Договорились, что встретимся на перекрестке.
Жедел жәрдем көлігін өткізіп жібердік. Мы пропустили машину скорой помощи.
Жол өте нашар, арасында қарсы бағытқа шығып тұрдық. Дорога очень плохая, иногда выезжали в противоположное направление.
Көк тайғақ болғандықтан аймақта төтенше жағдай орын алды, тұрғындарға көлікпен сапарға шықпау туралы хабарлама тарады. Из-за гололеда в регионе произошла чрезвычайная ситуация, жителям разослали сообщения, что нельзя ездить на машине.
Көлігіміз жолда сынып қалды. Наша машина сломалась на дороге.
Жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырып жіберді, мен ескерту жасадым. Водитель превысил скорость, и я сделал предупреждение.
Бүгін жүргізуші куәлігін алдым. Сегодня получил водительское удостоверение.
Тал арасынан біреу жүгіріп шықты, мен тежегішті басып үлгердім. Кто-то выбежал из за деревьев, и мне удалось нажать на тормоз.
Жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырып жіберді, мен ескерту жасадым. Водитель чрезмерно превысил скорость, и я сделал предупреждение.
Соңғы үлгідегі көліктерге қауіпсіздік жастығы орнатылған. На автомобилях последней модели установлена подушка безопасности. Соңғы үлгідегі көліктерге қауіпсіздік жастығы орнатылған.
Автокөлік жол шетіндегі терекке барып түйісті. Автомобиль въехал в тополь на обочине дороги.
Пойыз іші толған адам, жолаушылардан шығарып салушылар көп секілді. Поезд полон, как будто провожающих больше чем пассажиров.
Қол жүгінен басқа затыңыз болса, оған төлеуіңіз керек. Если у вас есть другой предмет, кроме ручной клади, вы должны заплатить за него.
Көлігімнің бояуын сырып кеттіңіз. Вы содрали краску моей машины.
Көлікті кілттеу үшін қай батырманы басамыз. Какую кнопку нажимаем, чтобы закрыть машину на ключ.
Өзіңізге сенімді болыңыз, рөлде отырып сасқалақтамаңыз. Будьте уверены в себе, не теряйтесь, сидя за рулем.
Көлігімді жөндеп беремін деп қолхат жазып беріңіз. Напишите расписку, что будете ремонтировать мою машину.
Жүк көлігінің салмағы көп болғандықтан жолда ойпаңдар көп. На дороге много впадин из-за большого веса грузовика.
Жүк тиейтін арнайы крандар болады. Будут специальные краны для погрузки.
Жолсерік маған отыратын орнымды көрсетті. Проводник показал мне свое сиденье.