Дәстүр

Салтты берік ұстанатын халықтар бар. Есть народы, которые твердо придерживаются обряда.
Ауыз әдебиетін халық мұрасы деп атаймыз. Мы называем устную литературу народным наследием.
Бұл белдік атадан балаға мирас болған зат. Этот пояс - предмет, унаследованный от деда к ребенку.
Бұл жай кітап емес, қасиетті кітап. Это не просто книга, это священная книга.
Мерейлі жасыңыз болсын, сыйлығымызды қабыл алыңыз. Поздравляем со славным (юбилейный) возрастом, примите наш подарок.
Қазақта ұрпақ ұлдан тарайды. У казахов потомство происходит от сыновей.
Мараттың атасы жиен немересіне мал атады. Дед Марата подарил внуку от дочери скот.
Анаңның ақылына құлақ аспау дұрыс емес. Неправильно не прислушиваться к наставлениям матери.
Темір барлық металдан төзімді келеді. Железо — самый прочный из всех металлов.
Әр рудың ақсақалдары бетпе-бет кездесті. Старейшины каждого клана встречались лицом к лицу.
Ол өлеңді тез ойдан шығарып айта салады. Он быстро придумывает стихотворение.
Ғалия, менің ең зерек оқушым. Галия, моя самая проницательная ученица.
Туысы қайтқан адамға көңіл айту керек. Следует выразить соболезнования тому, у кого умер родственник.
Көктемде барлық туыстар бір-бірімен қауышады. Весной все родственники воссоединяются друг с другом.
Көптен көріспедік, кел құшақтасайық. Давно не виделись, давай обнимемся.
Мені анам күнде құшақ жайып қарсы алады. Меня мама каждый день встречает с распростертыми объятиями.
Менің анам кемеңгер адам. Моя мама гениальный человек.
Келінім өте ибалы қыз. Невестка очень учтивая девушка.
Қыз балалар көп әрі дөрекі сөйлемейтін инабатты болуы керек. Девушки должны быть порядочными и не грубыми.
Ерлер намысшыл болмай ма? Разве мужчины не должны быть гордыми?
Жаугершілік заманда елге нағыз батыр қажет болды. В эпоху воинственности стране нужен был настоящий герой.
Атадан қалған ұлағатты сөз бар: «анаңа ауыр сөз айтпа». У дедушки осталось великое слово: «не говори своей маме тяжелого слова».
«Қорқыт» туралы аңызды білесің бе? Знаете ли вы легенду про «Коркут»?
Аты аңызға айналған Тұмар қызды білетін боларсың? Ты слышала про легендарную девушку Тумар?
Ару, көркем сөз оқып берші! Ару, почитай художественное слово!
Жұмбақ жасырайын, шешіңіздер. Я буду загадывать загадку, а вы решите.
Менің ағам сөзге шешен адам. Мой брат - оратор.
Абай шығармашылығын дәріптеп жүремін. Я прославляю творчество Абая.
Үлкен кісінің алдын кеспеңіздер. Не преграждайте путь старшего.
Кейбір достарым әзілді түсінбейді. Некоторые мои друзья не понимают юмора.
Қалжыңдап айттым, ренжіп қалма. Я пошутил, не обижайся.
Алғашқы адамдар қыш ыдысты ойлап тапқан. Первые люди изобрели керамическую посуду.
Біздің жақта құда түсу – нағыз үлкен той. Обручение на нашей стороне – настоящая большая свадьба.
Келесі апта қызымды ұзатамын. На следующей неделе выдам замуж дочку.
Әкемнің дүние салғанына 20 жыл. 20 лет со дня кончины отца.
Қыран құс, биікке самғайды. Птица – орел, летит высоко.
Мал бағу да қиындап кетті. Скотоводство также стало затруднительным.
Менің інім ат құлағында ойнайды. Мой брат лихой наездник.