Түстену

Түстену

Қазақта қонақ сыйлаудың бірнеше түрлері бар. Соның бірі - түстену салты. Бұл - кәдімгі қонақасына жақын ғұрыптың бірі. Ұлтымыздың әдеті бойынша бірнеше жас жігіттер соғымы семіз, қонақасыға мырза үйге барып сәлемдеседі. Үй иесі әдетте қонақ болуға шақырады. Мұндайда келгендер: "Түсте келеміз", - деп ықыласын білдіреді. Жігіттердің бұл жүрісін әр қазақ айтпай-ақ біледі.

Қазақта қызықты әдеттер көп. Мысалы, бір үйге келген қонақ сол үйге қолғабын, белбеуін немесе басқа бір затын қалдырады. Бұл оның сол үйдің қонағы екенін, сол үйге түстенуге немесе қонуға келетінін білдіреді. Осыған сәйкес үй иесі қонаққа дастарқан қамын жасай береді.

Бізде түстік және түстену деген сөз бар. Бұл айтылуы жағынан ұқсас болғанмен, мағынасы жағынан мүлде екі ұғымды білдіреді. Түстік - әр адамның түскі тамағы, ол күн сайын бола беретін жай. Ал түстену - қонаққа арналған дастарқан әрі ұлттық салт. Олай болса, түстену қазақ халқының қонақжайлы мінезін көрсетеді.

Grup malzemeleri

Серіктестер