Шошай тәртібі

Шошай тәртібі

Өткен ғасырларда қазақ халқы Отанын, дінін сатқандарға, құдайға, пайғамбарға, аруаққа тіл тигізгендерге, аса ауыр қылмыс жасағандарға өте қатаң тәртіптік заң қолданған.

Оның аты – шошай. Ел ағалары, дін басылары мұндай адамдарды шақырып алып, істің анық-қанығын толық анықтайды. Егер қылмысы анықталған болса, оны ел алдында айып салып, елден қуады немесе шошай етеді.

Шошай ету деген – қылмыскердің үйін ауылдан бес-алты жүз қадам бөлек тігу. Ол үйдің адамын да, малын да ауылымен араластырмайды. Сөйтіп, ел заңында материалдық қана емес, рухани жағынан да жазалау болғанын байқаймыз. Мұндай жағдайға ұшыраған үйді шошай үй, адамын шошай қазақ деп атайды. Оларға құрмет жасалмайды, олар қонаққа, тойға, мәжіліске шақырылмайды.

Топ материалдар

Серіктестер