Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі туралы

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі туралы

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі туралы

АҚПАРАТ

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі - Қазақстан Республикасындағы ең көне музейлердің бірі, 1915 жылдың 1 тамызында негізі қаланды. Музей Қостанай қаласының орталығында Алтынсарин көшесі, 115 мекен-жайында, ХХ ғасырдың басындағы сәулет ескерткіші болып табылатын бұрынғы көпес Яушевтердің Пассажы ғимаратында орналасқан. Музей құрамына Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 113 мекенжайында орналасқан бейнелеу өнері бөлімі кіреді. Музейдің Жітіқара қаласында өкілдігі бар.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қор жиынтығында 140 мыңға жуық музей заты бар, бұл облыстың барлық музей қорының жартысына жуығын құрайды. Археологиялық жиынтықты, этнографиялық қорды, Қазақстанның жаңа тарихы бойынша материалдарды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Музейдің көркемсурет жиынтығында Қазақстан, Ресей, Украина, Күнгей Кавказдың бейнелеу өнерінің алдыңғы қатарлы қылқалам шеберлерінің 4 мыңға жуық кескіндеме, графика және мүсін туындылары бар.

Музейде 11 экспозициялық зал жұмыс істейді: «Өлкенің ежелгі тарихы» археология залы, «Жердің өткендегі тіршілігі» палеонтология залы, «Қостанай облысының табиғат байлығы», «Туған жер тарихы», «Қостанай қаласының тарихы», «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс», «Қостанай облысы: арман және орындалу», «Қостанай облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында» (екі зал), «Туған жер тұлғалары», «Рухани жаңғыру», «Елін сүйген Елбасы» залдары. Музей кешенінің құрамына ішкі ауладағы «Ашық аспан астындағы музей», «Ату жазасы орындалған қабырға» тарихи ескерткішімен Тарихи саябақ кіреді.

Ақпараттық қолжетімділікті кеңейту мақсатында музей экспозициясы бойынша виртуалды 3D тур және Қостанай облысының барлық киелі нысандары бойынша сфералық панорамалар, мәтіндік, аудио ақпараттар ұсынылған «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары. Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жоба бойынша 3D тур жасалды. 

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі әр түрлі жастағы аудиториямен табысты жұмыс істеуде және «Шексіз музей» жылжымалы мәдени-білім беру акцияларын тұрақты ұйымдастыруда. «Түнгі музейдің шытырмандары мен құпиялары», «Майдан хаттары», «Музейге 100 қадам», «Музейдегі өнер түні», «Қала тарихына қадам жаса», «Музей серуені», «Виртуалды емес музей-лендтің шындығы», «Жеңіс жолында - музей дилижансы»; «Қазақтың салт-дәстүрлері: өткені мен бүгіні», «Дәстүр шоу», «Түнгі музей құпиялары», «Қолдан тоқыған кілем құпиялары», «Ас - адамның арқауы», «Туған жердің жылуы» және т.б. этнографиялық-танымдық жобалар.

Жыл сайын музейге 180 мыңнан астам адам келіп, оның мәдени-білім беру бағдарламаларына қатысады.

Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» КММ ресми сайты: http://kraeved-kst.kz/ru.html 

             Әлеуметтік желілер:

Facebook https://www.facebook.com/it.kraeved.kst   

Vkontakte https://vk.com/id397862586   

Instagram https://www.instagram.com/kostanaymusey/

Твиттер https://twitter.com/KraevedKst

E-mail: obl_muzey@mail.ru 




Топ материалдар

Серіктестер