ОРЫНБОРДАН ОРАЛДЫ

ОРЫНБОРДАН ОРАЛДЫ

Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қарым-қатынастың тамыры тым әріде. Тәуелсіздік жылдары жаңа мазмұнға ие болды. Соның жарқын мысалын, Ақтөбе өңірімен қоңсы қонған елді мекендерден де көруге болады. Әсіресе, қазақ тілінің мәселесі айрықша орын алады.

Жақында Орынбор қаласында қазақ тілін өңіраралық дамытудың 18-ші форумы өтіп, оған Ақтөбе Тілдерді оқыту орталығының оқытушылары Г.Төлегенова, Ә.Темірова және А.Ойылданқызы қатысты.

«Отандастар» қоры ұйымдастырған бұл кездесуде қандастарымыздың көптен көкейінде жүрген өзекті мәселелер көтеріліп, сала мамандары арасында сараланып талқыланды. Тілдерді оқыту орталығы бұл басқосуға құрқол барған жоқ, ана тілін үйренемін деген ынталы жастар мен жалпы азаматтар үшін 500 дана қазақ тілі оқулықтары, әдістемелік құралдар, сөздіктер және тіл үйретуге арналған СD электрондық құралдарды сыйға тартты. Мұндай көл-көсір тарту-таралғыны Орынбор қаласындағы Х.Ямашев атындағы кітапхана қабылдап алды.

Қандастарымыз елге деген сағыныштарын, жылы лебіздерін жеткізді.

Форум соңы «Газовик» мәдениет сарайында өткен мерейтойлық концертке ұласты.

Серіктестер