Қол ұстатар

Қол ұстатар

"Жеңгелері әуелі қашанғы дәстүр бойынша күйеу мен қыздың қолдарын ұстата беріп еді..." (Ғ. Мүсірепов).

Әдетте қыз айттырылып, қалың мал төлеген соң, жігіт қалыңдық ауылына ұрын келеді. Міне, осы жолы жігіт пен қыз бірін-бірі алғаш рет табыстыру үшін "көрімдік", "қыз кәде", "шаш сипатар", "мойын тастар", "арқа жатар" деген салт-дәстүрлерді жасап, кәде алады. Сол көп дәстүрлердің басы осы "қол ұстатар". Мұнда жеңге бір-біріне не дерін білмей отырған екеуінің қолын ұстатады да, өзі шығып кетеді. Бұл - екі жасты жақындатудың халықтық бір амалы.

مواد گروهی

Серіктестер