В.Обручев. Жұмбақ жер

Осы байламға тоқтаған олар уақыттың қалғанын пайдаланып, жүкті жоғары шығаруға кірісті. Бұл онша оңай болған жоқ. Ойып жасалған баспалдаққа қарамастан, жүгі ауыр нарталарды иттер еңістен тік шығара алмады да, талай тәсіл қолдануға тура келді. Сондықтан қас қарайғанша мықшыңдап, ақыры, не керек, күллі жүкті, сақтық етті, отын мен нарталарды алаңға апарып орналастырды-ау. Төменде төсекқап пен ас-су ішетін ыдыс-аяқтар ғана қалды. Қысқа деп дайындаған отынның көптігі аюларды маңға жолатпау үшін отты маздатып мол жағуға мүмкіндік берді. Никифоровтың айтуына қарағанда, аюлар әлденеше мәрте болыпты, өзін олардың маймақ аяғынан, етті талапайға салудан мұз апандағы күрке ғана сақтап қалыпты. Белуханың қырағылығының арқасында уақтылы оянып, апан аузындағы тақта мұзды тасалап тұрып, ет қоймасының аузындағы үлкен мұздарды ашқысы келген талай түнгі қонақты атып, қуып жіберіпті. Ас үстінде ол екі дүркін жер сілкінгенде қатты қорыққанын айтты: ол жер ойылып кетеді екен деп апаннан атып шығыпты. Құздан тас құлап, бұршақтай жауып, тап жанына түсіп жатыпты, жерде жарық пайда болыпты.

Жұмыстан шаршап жығылған саяхатшылар Крот пен Белуханы күзетке қойып, алаңдағы төрт оттың ортасына жайғасып қатты ұйықтап кетті. Алайда оларды түн ортасында қатты жер дүмпуі оятты. Басын үрейлене көтеріп, олар тың тыңдады: жер астынан бейнебір ойқы-шойқы тақтай көпірмен ауыр жүк артқан көлік тасырлап бара жатқандай дүңгір естіліп, оған алыс-жақын жерде жардан құлаған қойтастардың гүрсілі қосылып, төңірек түгел жаңғырып кетті. Осы шудың бәрін мұз апанға қамалған иттердің үздік-создық ұлыған дауысы естіртпей жіберді.

Жар етегінен жырақ, ашық аспан астында жатқандықтан, саяхатшылардың ешқайда қашатын жері жоқ еді, сондықтан олар үрейленсе де, төсек-қабында түрегеп отырды да қойды. Ұзамай тағы бір қатты дүмпу ұрып өтті: жатқандар оның сәл көтере солқ еткізгенін жақсы сезді, жанып бітуге жақындаған от жалыны шайқалып, шоқ пен шала жан-жаққа ұшты. Тақау маңда бірдеңе гүрс құлап, жақында ғана ішінде шатыр тұрған, өзі сонда бір түн қонып шыққан үңгірдің алдында жатқан Горюнов төбеден бірнеше мұз тақтасы құлап түскенін көрді.

Приняв это решение, приступили к подъему груза, пользуясь остатком дня. Это оказалось не так легко. Поднимать сильно груженные нарты по крутому уклону, несмотря на вырубленные ступени, собаки сразу не могли, и пришлось сделать это в несколько приемов. Поэтому провозились до темноты, но в конце концов весь груз, запасы мяса, дров и нарты были сложены на площадке; внизу остались только спальные мешки и посуда для ужина и чая. Обилие дров, заготовленных на зиму, позволяло не скупиться ночью на костры, чтобы отогнать медведей. По словам Никифорова, они посещали его за лето не раз, и только грот спасал его от объятий косолапых, а мясо, которое привлекало хищников, – от разграбления. Благодаря бдительности Белухи он своевременно просыпался и, притаившись среди льдин входа в грот, стрелял в ночного гостя, пытавшегося разворотить ледяные глыбы, закрывавшие мясной склад. За ужином он рассказал также, что во время двух землетрясений ему было очень страшно: он выбегал из грота, опасаясь, что свод рухнет. С обрывов по соседству камни сыпались, словно град, и в земле образовались трещины.

Утомленные работой, путешественники рано легли спать на площадке между четырьмя кострами и крепко заснули под охраной Крота и Белухи. Но около полуночи их разбудил сильный подземный удар. Приподнявшись в испуге, они стали прислушиваться; из-под земли доносился явственный гул, словно там по неровной мостовой катились тяжелые возы; к нему очень скоро присоединился доносившийся уже по воздуху грохот, то близкий, то далекий, от падения глыб, срывавшихся с обрывов окраин; земля под лежавшими дрожала. Но все эти звуки скоро покрылись неистовым воем собак, запертых в ледяных гротах.

Так как путешественники лежали под открытым небом и достаточно далеко от подножия обрыва, то бежать куда-нибудь им не нужно было, и они продолжали полулежать на спальных мешках в понятной тревоге. Скоро последовал еще один удар, более сильный; лежавшие почувствовали, как их слегка подбросило вверх; пламя догоравших костров подпрыгивало, головешки и угли рассыпались в стороны. Где-то поблизости что-то грохнуло, и Горюнов, лежавший против входа в грот, в котором стояла недавно палатка и в котором провели прошлую ночь, увидел, что из свода вывалилось несколько крупных ледяных глыб.