А.Беляев. Адам-амфибия

Үй шағын ғана, небары төрт бөлмеден тұратын. Оның асүйге жапсарлас біреуіне Кристо орналасқан. Оған таяу ас үй, сосын үлкен кітапхана орналасқан; Ихтиандр испан және ағылшын тілдерін білетін. Ең соңғы, шеткі, ең үлкен бөлмеде Ихтиандрдың жатын бөлмесі болған. Жатын бөлменің тап ортасында хауыз орналасқан. Қабырғаға тақап керуеті қойылған. Ихтиандр кейде сол керуетте ұйықтайтын, бірақ көбінесе хауызда жатқанды ұнататын. Алайда Сальватор жол жүрер алдында Ихтиандрдың аптасына ең кемі үш түн кәдімгі керуетте жатып, ұйықтағанын қадағалауды Кристоға мықтап тапсырды. Кешкісін Кристо Ихтиандрға келіп, жігіт кереуетке жатуға келіспеген кезде күтуші кемпір тәрізді күңкілдеп жүретін.

Домик был небольшой, всего четыре комнаты. В одной комнате, около кухни, помещался Кристо. Рядом находилась столовая, дальше – большая библиотека: Ихтиандр знал испанский и английский языки. Наконец, в последней, самой большой комнате была спальня Ихтиандра. Посреди спальни находился бассейн. У стены стояла кровать. Иногда Ихтиандр спал на кровати, но предпочитал ложе бассейна. Однако Сальватор, уезжая, приказал Кристо следить, чтобы Ихтиандр по крайней мере три ночи в неделю спал на обычной кровати. По вечерам Кристо являлся к Ихтиандру и ворчал, как старая нянька, если юноша не соглашался спать в кровати.