Бәжі басу

Бәжі басу

Қызған темір, адамның май құйрығына басылады. Бұл - қылмыскердің ар-ұятына басылған өлмес, өшпес таңба. Мұны "бәжі басылған" деп атайды. Бұл сирек оқиға болғандықтан, қылмыскердің аты елден-елге тарап, әңгіме етіледі. Бұдан кейінгі ұрпақтарына да зор таңба. Нағашы-жиендер арасында да айтылып, күлкі болады.

Арқада Тұрлыбай деген беделді кісі бір әдепсізді тәртіпке шақырса, ол айтқыш шалдың өзіне тиісіпті. Сонда шешен қарт: "Шырағым, мен сені қара ауыз дедім бе? Нанжарым (жарымес) дедім бе? Құйрығына бәжі басылған дедім бе? Байдың тоқалы тепкен дедім бе?" - деп, әлгі жөнсіздің барлық масқарасын тізіп, жер қылыпты. Мұны естіген би, бұзыққа жиырма қамшы дүре бұйырыпты. Жазаны орындау үшін оны жығып салып, шалбарын шешкенде, шынында, оның құйрығына бәжі басылған болып шығыпты.

Group materials

Серіктестер