Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпен өмір өткізгенше - малды не жерден сұрау керек, не маңдай терден сұрау керек
Жаманмен салысып жақсы болмайсың
Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады
Өзің мал таба алмасаң - балаң мал тапсын
Мал - жұтайды, өнер - жұтамайды
Есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді
Иман сақтауға - қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек
Дүниеде жалғыз қалған адам - өлген адаммен тең: қапашылықтың бәрі соның басында
Тіл жүректің айтқанына көнсе - жалған шықпайды
Көпке қорлық жүрмейді